12.09.2022
  206


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

ҚАБАНБАЙ БАТЫРҒА

Ежелгі Қаракерей ер Қабанбай,
Халқына қорған болған тас қамалдай
Қара бұлттай жөңкілген Жоңғар қолын,
Дауылдай ыдыратқан тыным алмай.
Алқа көл, сұлама боп ел босқанда,
Қыз сыңсып, кәрі зарлап үн қосқанда
От пен суға түскен ер елі үшін,
Ойда тонап кезеңнен жау тосқанда.
Құдай артық жаратқан намысты ер,
Кесек келбет берген хақ қайрат жігер.
Қанға да, қараға да өтімді боп,
Қалмапты Қубас атпен бармаған жер.
Қырандай көк жүзінде қалықтаған,
Алтай арқа Атырауға шарықтаған.
Жүз үш рет жеңісті жекпе жекте,
Өзіне жау найзасын дарытпаған.
Жиылған Арғын, Найман, Керей, Уақ,
Бармысың Қоңыр атпен Қара қыпшақ,
Үлгілі би Ханзада ұрпағысың,
Дүбірлі тойыңды өткіз соларға ұқсап.
Ел қарыздар Батырдың еңбегі үшін,
Жалғастырып келеді ерлік ісін.
Бүгінгі егеменді елге қарап,
Көңілі толып тұрғандай ұлы мүсін.





Пікір жазу