meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.09.2022
  153


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

БҰЛ ЗАМАНҒА

Қалам алып, қағазға салдым сызық,
Дүниенің көбі уайым азы қызық.
Бас салып, алып ұрма мықтылар көп,
Қиянатшыл, өктемшіл пиғыл бұзық.
Қазақтың көбі қоян осы кезде,
Адам-ақ тең жаралған рас сөзде.
Қырғиға бөдене мен кекілік жем,
Адамдардан табылар бұл мінезде.
Қасқыр жейді, борсықта басып қойды,
Адамбыз деп көрсетіп жүрміз бойды.
Әр орында азық қып ерік бермей,
Қазақтың егеспенен есін жойды.





Пікір жазу