12.09.2022
  94


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

ӨМІР ЖАЙЛЫ

Өмірім жақсы өткен жоқ бұдан бұрын,
Соңғы тірлік туралы, жоқ бір сырым.
Өткен күйік, келер хал тағы күйік,
Қайғысыз алданумен өтті өмірім.
Екі күйік ортасы бұл тірлігім,
Өлімді ойға алғам жоқ күні-бүгін.
Я өмір жеңе ме, я өлім,
Дүрмекпен сезбей жүрмін әлі бірін.





Пікір жазу