meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.09.2022
  135


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

ӨЗІҢНЕН БАСҚА ЖАНҒА НАНСЫН НЕ ҒЫП

Жаз ыстыққа күйеді, қыс суықта,
Ауру болар осымен жел буып та.
Сасық, паң, зор тәкәппар қожайын көп.
Дегендей елден мендей ұл туып па?
Жатар төсек, төр алды толған бопыр,
Алқам-салқам үй іші, опыр-топыр.
Ыдыс кір, ішкен астың түк дәмі жоқ,
Борсыған қылшық ет жеп мырзаң отыр.
Байсынып, кеуде кеуіп, көңілі асқан.
Ғайбаттап жанның бәрін өр таласқан.
Иті бірге ішіп-жеп өздерімен,
Ел жылатып, бай болып, лақабы асқан.





Пікір жазу