12.09.2022
  81


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

БІР МАҚАЛ

Бір мақалды бұрынғы айтады екен,
Кейінгілер мұны жек көрме бөтен.
Жаман үйдің қонағы билейді деп,
Артқы сыншы айтып жүр көріп төтен.
Мақалы бұрынғының мақұл ма деп,
Айтпақшымын бір сөзді көңіліме кеп.
Тұрғын елді қонақ ел көшіріп жүр,
Тұрғын ел кетпеп еді қақысын жеп.
Жаман үйді көшіріп алып та тұр,
Билік қып түрлі салық салып та тұр.
Тұрғын баста ерік жоқ қиын болды,
Қайғыда қалың қазақ қалып та тұр.
Жаман үй – жаман елдің мысалы ғой,
Толғансаңыз сізге де түседі ой.
Жамандығым емес пе көп жем болдым,
Есе алып қайтаруға жете ме бой.





Пікір жазу