12.09.2022
  147


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

МЫСАЛ

Бір құмай салғызыпты тастан сарай.
Күйкентай, қаршығадан алып малай.
Құс біткенді бір өзі билеп алып,
Құбылып түрлі ойға түскен салай.
Жұмсапты қаршығаны кекілікке,
Мақтапты тәуірсің деп ептілікке.
Торғайға мені дағы жұмсайды деп,
Күйкентай әзірленді тұрмай текке.
Тас сарайға ұлар құс барып қонған,
Құмайдың құлқынынна кез боп оңнан.
Кешегі шақырылған кекілік торғай,
Сарайда жатыр бүгін додаланған.





Пікір жазу