12.09.2022
120
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-08-23-03-04-54[2].png)
АҚЫНҒА
Ақын бар ағып кетер көрсе пұлды,
Өрмекшінің жібіне матар пілді.
Біреуге қанат байлап көкке ұшырар,
Серкештің мүйізіне қайрап тілді.
Өлең айтсаң, үлгі айт күтпе тиын,
Жолыңа сенің салған түссін жиын.
Бірді мақтап, біреуді боқтап жүрген,
Ақындар бар мінезі ала құйын.