12.09.2022
  275


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

КӘСІП ҚЫЛ

Кәсіпсіз қатарға енбес дүниеде жан,
Еңбек қылмай теңдік жоқ бұл сөзге нан.
Еңбек- егін тұқымы көктеп өніп,
Толып пісіп тұрады басында дән.
Бай болмадым деп, кейіп жатпа үйіңде,
Байлық жоқ ренжіп кейіп жатқан күйде.
Талпынсаң, тер ағызсаң, табылады,
Қадыр жоқ бір тиындық жалқау биде.
Мисалы жөніңді біл қара алдыға,
Келіншек, қайным дейтін дер қайнаға.
Балалық, жігіттік күн өткенін көр,
Адам өмірі нәрсе емес бір жәй ғана.
Адам болып жаралсаң кәсіп керек,
Жылпың, пысық, ширақ бол және зерек.
Тамақсау, мешкейлікті өнер көрме,
Бүгін тойған ертеңге болмас қорек.





Пікір жазу