12.09.2022
195
ЖЕМІС
Бір ағаш миуалы өскен жеміс екен,
Бір доңыз мекен етіп жүреді екен.
Тойынып, рахаттанып алғаннан соң,
Әлгі доңыз бір түрлі ойға келген.
Ойланды түбін қазып жығайын деп,
Тояйын рахаттанып,миуасын жеп.
Қорсылдап,қорбаң қағып құлатыпты,
Қас болған пайдасына біліңіз көп.
Қасқа-қас,досқа-достық қарыз білсең,
Іздеп қас бол, мойнына кінә ілсең.
Бергенім сүйгенімнен көрсем жапа,
Жөн бе шырақ досыңа жау боп жүрсең.