12.09.2022
  114


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

АЙЫРА АЛМАЙ КЕЛЕМІЗ ДОС ПЕН ЖАУДЫ

Білмедім, әрбір сөзге көңілім ауды.
Айыра алмай келеміз дос пен жауды.
Өрекпіген бұлданып, бос желігіп,
Ала өкпе буырқанып айтар дауды.
Керегеден ұстап ап, кеңірдектеп.
Аударып тастайтындай Алатауды.
Үйде отырып, идіріп, қара тасты.
Бауырына шелек тосып, сүтін сауды.





Пікір жазу