12.09.2022
  127


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

“Жас Алаштың” 50 жылдығына

Жандай жақын көретін “Жас Алашым”,
Сен былғап көрген жоқсың сөз арасын.
Көзді ашып көкірекке сәуле бердің,
Танытып дүниенің ақ-қарасын.
Сенің көпке ұнайды шыншылдығың,
Жақсыға сірә да жоқ күншілдігің.
Замананың тамырын дәл басасың,
Түзу нұсқап, қос тізгін бір шылбырын.
“Жас Алаш”, тайма батыл бұл бетіңнен,
Қалтқысы бар қаймықсын келбетіңнен.
Қалтқысыздың жандары жадырасын
Шыншылдық бесігінде тербетілген.
Мен де өзіңдей көне көз дан құрдасың,
Етене 50 жылдық жан сырласым.
Мен қартайдым, сен мәңгі жасаңғырап,
Архивке сансыз тарих қалдырасың





Пікір жазу