12.09.2022
  200


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

Ұстаздарға

Ұстаздықтың қасиетін айту қиын жеткізіп.
Әр бөбектің құлқын сезіп әдіс табар бек қызық.
Таңертеңнен қара кешке жалықпастан бірге боп,
Қайтсем дейді көкейіне мысқал білім өткізіп.
Жылы жүзбен жұмсақ сөйлеп, маңдайына
шертпеген,
Пәлен ұстаз түгендейтін соңына сөз ертпеген.
Ұстаздықтың талқысына табандап-ақ шыдауға,
Кіріскендей бұл жұмысқа ту басында сертпенен.
Әрі таза, әрі әдепті қарапайым қимылы,
Оқушыны баурап алар адал да кең пиғылы.
Бұл ұстаздың оқушысы өмір бойы қарыздар,
Артық емес әлемдегі тапса қымбат сый гүлі.
Оқушыға тең қарайды, бірде-бірін таңдамай,
Татулыққа шақырады, туғызбауға дау-дамай.
«Тата – сына» оқушының түсіп жүріп сан түрлі,
Көкірегіне нұр құяды мәңгі өшпес таңбадай.





Пікір жазу