12.09.2022
636
Сыныптасқа
Сыныптас-ек таза өскен ана сүттен,
Сен едің тұңғыш мені емексіткен.
Ойда-қырда жүрсем де, сен ширатқан,
Аттамауды ойлаушы ем, нәзік жіптен.
Сол ширатқан жібіңді өзің үздің,
Жаныма ақ қырауы қонды күздің.
Жапырағын үсітіп, махаббаттың,
Арамызға мәңгі қыс түсті біздің.
Соның дерті сенде емес, менде кетті.
Жалыны жүрегімді шарпып өтті.
Бастықпаған асаудай албырт сезім,
Сөндіре алмай келеді іштегі өртті...