12.09.2022
  103


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

Жорға

Сарыбауыр бота төстек, белі шоңқақ.
Кең тыныс, кеңсірігі келген қоңқақ.
Арасы екі қолдың жарты метр,
Палуанның құшағындай, арты талтақ
Аласа, қоян шөмек, құлақ қалқан.
Жай тұрса – көзге жабы, алқам-салқам.
Қырғидай сыпырылып, жөнелгенде,
Секілді ширатылған жібек арқан.
Екі алдын кең құлаштап, серпіп артын.
Сырғыса су жорғаның бұзбай шартын.
Алдыңызда ақ бөкендей бұлдыраса,
Бір қызарсың, болса да қаның салқын.
Шалқайып, қос үзеңгіні басып алға,
Тең ұстап қос тізгінді алса қолға.
Жаныңның жазирасын тасқындатқан,
Осы екен «су шайқалмас» дейтін жорға.





Пікір жазу