12.09.2022
  92


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

Құттықтау

Жиендерім Жақсылық және Сымбат,
Білімнің қадіріне жеткен шыңдап.
Құтты болсын қос қызыл дипломдарың,
Оңай қолға түспейтін сондай қымбат.
Жаңа ұшқан көк қауырсын балапандар,
Шақырады алдыңда алтын таңдар.
Еңбекпенен қатайсын қанаттарың,
Мезгіл келер қырандай көкке самғар.





Пікір жазу