12.09.2022
  144


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

Айдын-Толқынға

Айдыным – кенже әкемнің немересі.
Күн шалған ұлы таудың кеңересі.
Жаралдың жақсы атаның тұқымынан,
Қазаққа үлгі болған өнегесі.
Толқыным – Байғана ата ұрпағы еді,
Тең өскен Бәйжігітпен терезесі.
Екеуің егіз күрең тұқымысың,
Ежелден көктес жүрген терезесі.
Қараған кейбір пенде қабағына,
Екеуің екі ауылдың ақ еркесі.
Шотай-Жүкен мың жылдық құда болсын.
Нығайып жақындықтың берекесі.
Өмір жолын шықтыңдар жаңа бастап,
Балалық албырттықты артқа тастап.
Зор бақыт, қарапайым татулықта,
Жастарға жараспайды болған асқақ.
Ырың-жырың әркімді көріп жүрміз,
Ырылдасқан бір-бірін сөзбен жасқап.
Қақсын Аллах, дәл сондай тексіздерден,
Міндетім ой түсіріп, ақыл қоспақ.
Бірің Толқын болғанда, бірің Айдын.
Көңілің таза нұрындай, күн мен айдың.
Ата-ене, ағаларың аман болса,
Еркесіндей өсесің Абылайдың.
Рамазан-Бижамал екі шынар,
Еске алсақ ескі әруақты көңіл тынар.
Немересі үй болған тойды сезіп,
Олар да аунап-қунап жатқан шығар.
Айдын-Толқын, қылығың бейне балдай,
Қуанған ата-енең мейірі қанбай.
Көлденең көз, тіл-сұқтан аман сақтап,
Оңғарсын бақтарыңды патша – Құдай!
Толқыным, бұл шаңырықтың бақыт құсы,
Көркейсін өзіңменен іші-тысы.
Шотай-Айгүл, салпы етек боп жүре берсін,
Өзің бол көңілдерінің қуанышы.





Пікір жазу