12.09.2022
  105


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

Кеңес Бисанұлына

Кең маңдай, торсық шеке, шаралы бас.
Нар иық, жауырынды біткен тұтас.
Жарасып ақыл, қайрат, жылы жүрек.
Әкімдік қып халқына берді ықылас.
Жылы жүз, нұр төгілген ұялы көз,
Күмбірлер күйсандықтай сөйлесе сөз.
Шым-шытырық, шытырман шыққан даудың,
Айғай-шусыз шешімін табатын кез.
Айтар сөзді қапысыз айта алатын,
Жүгенсіз өзімшілді тойтаратын.
Жұрт болған соң әкімге кім шағынбас,
Ақыл айтып, риза қып қайтаратын.
Тал бойынан әккілік, тәкаппарлық,
Байқатпаған мінезден және тарлық,
Қарапайым, қайырымды қылықтары,
Халқына көрсететін биік нар ғып.
Көп нәрсеге жететін даналығы,
Жаны сері, әншілік даралығы.
Сақалды ғып шығарса сахнаға,
Абай дер ең болса сәл қаралығы.
Бұл сөзім Бисанұлы Кеңес жанға,
Зейнетіңді тойладық бүгін таңға.
Бала шағаң – Жазыкенің аман болсын,
Зейнетіңді қызықта, көп жыл самға.





Пікір жазу