12.09.2022
157
Балама
Балам, жайсыз көрсетпе мінезіңді.
Өкіндіріп жүрмесін кінә өзіңді.
Алға ұмтыл, әр нәрсеге алабұртпа
Ақыл тоқтат алысқа тік көзіңді.
Ғалым бол, бар тілсімді біл, демеймін.
Білсең тіпті қуанам, күндемеймін.
Саған бақыт іргесін қымтай түсіп,
Келеңсіздік шырпысын үрлемеймін.
Жықпа балам, көңілін мұғалімнің.
Сенен сый дәметпейді, ұға білгін.
Ертеден көп алдында тізе бүкпей
Зая кетіп қалмасын дейді бір күн.
Басқа өткен өткелден сен де өтші.
Озбасаң да соң қалма, қатар жетші.
Бар үмітім сенімен ақталмақшы,
Сенсіз балам, күдерім үзілмекші.