12.09.2022
  111


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

Зейнеғалиға

О, Зейнеғали қарағым,
Шуақты еді қабағың.
Алды-артыңа қалтқысыз,
Мейірім төгіп қарадың.
Кімді де болса жатсынбай,
Адал досқа санадың.
Кішіпейіл құрбыға,
Кеспеуші едің алдын ағаның.
Осындай да білінер,
Артық кемі бағаның.
Ойсыраған орыныңды,
Іздеп қайдан табамын.
Дауыл тұрып үзіпті,
Піскен алма сабағын.
Қатал тағдыр сындырды,
Асыл қанжар сағағын.
Болмасқа берік боламыз,
Жоқтығынан шараның.
Ажалдың бетін кім бұрмақ,
Ашып келсе аранын.
Кімді құдай сау қойған,
Түгел қып төрт торабын.
Солтабайдан кім артық,
Оның да алған Барағын.
Алды-артыңды Алла оңғарсын,
Шүкіршілік қылып тоқтайық.
Ұлғайтпай аузын жараның.
Жаратқан Алла жәннаттан,
Орын берсін қарағым!!!





Пікір жазу