12.09.2022
  507


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

Әпкем Қайникәмалға

Мінезіңді сағындым.
Табиғаттың жазындай.
Жанға жылы даусыңды,
Айдынды көлдің қазындай.
Әндеріңді сағындым,
Сырнайдың нәзік сазындай.
Ақыл айтар шағыңды,
Сағындым тәте еске алып.
Данышпанның адамға,
Ой түсірген назындай.
Кім ойлаған кетер деп,
Бұл сырқаттан жазылмай.
Әттең, ғұмыр адамға
Қысқа өлшенген азыңды-ай...
Еске алсам сізді өлең-жыр,
Көкейге келер құралып.
Ерінбейін жырлауға,
Тыңдар болсаң құп алып.
Өзің де жырдың батыры-ең,
Шабатын топқа ту алып.
Сөздерің өткір семсердей,
Алмасқа қойған суғарып.
Алыстан іздеп сан жүйрік,
Айтысты сізбен ырғалып.
Қайырып бетін бәрінің,
Отырушы едің нұрланып.
Қалушы еді аулыңның,
Қуаныш мейірі бір қанып,
Жақсы жыр көрсең жадырап.
Тыңдаушы едің қуанып.
Жыр арнап сізге отырмын,
Көзімнің алдын бу алып.
Бұл жырымды дегейсің,
Сағынып бауырым арнаған.
Қасиетті дұғалық!





Пікір жазу