12.09.2022
  175


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

Гүлғастың мерейтойына

Ақ тілекпен ақ қой бүгін сойылды,
Дастарханға түрлі тағам қойылды.
Қайын, абысын, қыз-күйеулер құттықтап,
Келдік, Гүлғас 50 жылдық тойыңды.
Ағамыздың 35 жыл жолдасы,
Әкеміздің ықылас берген төл басы.
Өзің де үлкен, үйің де үлкен отырған,
Өзің енді ауылымыздың қол басы.
Анасың сен, он екі ұлан өсірген.
Ыстық-суық, бәрін бастан кешірген.
Аналықты, паналықты міндет қып,
Күні бүгін күндерің жоқ көсілген.
Бұл күніңді жария қылмай түсіміз.
Ризалықпен жылып жүреді ішіміз.
Бала-шаға, жұбайыңмен көп жасап,
Алға тартып жүре берсін ісіңіз.
Қайын емес, қайнағадай сыйлап ең.
Мен де сені жеңге деуге қимап ем.
Қайынға да, абысынға, ауылға
Жаңа түскен жас келіндей ибалы ең.
Адал сөзін атанға да, атқа да.
Атар біреу, алтын көрсе жатқа да.
Дәл осындай тебіреніп мен айтпас ем,
Отырғызса, патшалыққа, таққа да.
Күй қозғалып, жүректегі айтылды ән.
Кешіре бер, жетпей жатса айтудан.
Бүгін сені, барлығымыз жиылып
Хан көтерсек жарасады, бай тұлғаң.





Пікір жазу