12.09.2022
  135


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

Құсанға

Нұрқасымов Құсмиля Жырғалыұлының 50 жылдық мерейтойына арналған өлең
Жалықпай жастан аралап өнер ауылын,
Қырандай шалқып, жүйріктей жазған бауырын.
Жаныңда жайсаң, жадыңнан жастық табылмас
Көңілі толып, риза болған қауымың.
Келесің жырлап, халқыңның мұңын, ақын боп.
Болашаққа да келесің бастап, Хәкім боп.
Өзіңдей болсын жігіттің бәрі жайдарлы,
Халқының сүйген бәріне жаны жақын боп.
Жанындай сүйіп, әнді де сүйдің беріліп,
Күмістей таза, жібектей даусың өріліп.
Сан түрлі саздың саусақпен бастың бұрмасын,
Өзіңе бауырым, жарасар, сірә, серілік!
Қайрылып елдің жетпеген жібін жалғасаң,
Риза жұрттың, күншіл де күйкі болмасаң.
Ананың дағы ақ сүті сонда ақталар,
Өзіңде барды қалтқысыз елге арнасаң.
Елу шақ ердің кемелге келген дер шағы,
Қашанда жақсы халқыңның болған ортағы.
Сексеннің биік сеңгірін Құсан асқанша,
Аман-сау жүріп, қолыңның ұшын бер тағы.





Пікір жазу