11.09.2022
  206


Автор: Пәридә Манапқызы

Менің көзім түскен емес еркекке

Менің көзім түскен емес еркекке,
Кіналайсың кейде, жарым, сен текке.
Сені сүйіп таңдағаным шын болса,
Сайтан сезім жеңе алмайды, селт етпе!
Менің көзім түскені ырас дарынға,
Қарағам жоқ боқ көтерген қарынға.
Талай жігіт сенен мені қызғанды,
Ақылы мен көркі сай деп бағыңа.
Тәубе етемін мен де іштей тәңірге,
Жолықтырған сендей әйбәт сарыға.





Пікір жазу