11.09.2022
373
Бар екен сіздей асыл ағам
Масайраған жан емес асқанымда,
Ұлып жатыр бір қасқыр қақпанымда.
Ғашық еткен мені сол көкжал арман,
Түсірмес мешел тірлік қақпанына.
Кімнен артық білмеймін бағам менің,
Кетілген жоқ әліге тағам менің.
Менің әйтеу жырымның жоқтаушысы,
Бар екен сіздей асыл ағам менің.
Мені, аға, мына тірлік көп сынады,
Мида жатыр шешілмес көп сұрағы.
Тұлпар деп жүген салған арғымағым,
Есек боп өз қорамнан осқырады.
Қайтейін бармақ тістеп қыршып алдым,
Қиналды содан ұзақ қыршын жаным.
Жолым күткен өзіңдей жақсылармен,
Әмәндә, сан биікке бір шығармын.
Болмаса туған жердің тұнығына,
Бірақ атып өзімді тұншығармын.