11.09.2022
106
Әкеме
Жаратам деп бақытты әр таңыма,
Жан әкем жүйкең қажып шаршадың ба?
Арманның жолы бұраң, жаза бассам,
Түйіліп тұрғандайсың қарсы алдымда.
Шертейінші тірліктің күйін тынбай,
Арманға жетемін бе жүз ұмтылмай.
Бар байлығын әлемнің сыйлар едім,
Жан әке, болса менің уысымда-ай.
Өр тұлғаң тұр өмірдің сырын айтып,
Өз босағам сенде өткен күнім артық.
Басынан қар кетпейтін ақбас шыңдай,
Қара шашың ойлантты-ау бурыл тартып.