11.09.2022
  146


Автор: Науат Шантубайқызы

От көбелек

Жынды емес ол сау көбелек,
Тіршілік жаралғаннан бар көбелек.
От айланып мазасыз жүргені оның,
От сезімге білсеңдер бай көбелек.
Кеш батса шырақ түбін думан қылып,
Өздерін де жатады құрбан қылып,
«Жынды» деп атаса да атақсыздар,
От сезімге кетеді иландырып.
Сезім деп еліреміз жүрек қызып,
Отты да тамызамыз дүр еткізіп.
Мәңгілік отпен бірге жасайтұғын,
Жоқ бізде көбелектей жүректілік.





Пікір жазу