11.09.2022
  91


Автор: Науат Шантубайқызы

Жазайын

Жазылмай жатыр менің көп өлеңім,
Қашан қолын бұлғайды өлең өмір.
Аспаным алақандай көрінеді,
Дүние кеңдігіңе сенер едім.
Қара жолда жүгі ауса қара нардың,
Қайтадан түзеу үшін шегеремін.
Көрші ауылда той болып жатыр дейді,


Тұрғаны-ай қозып бүгін делебенің.
Тауық құрлы тірлігім жоқ па менің.
Бұйырған ырыздықты тере бердім.
«Ойнап жүрсе ойы жоқ» деген сөзді,
Аузынан естіген ем көнелердің.
Әлін білмей әлек боп жүр десе де ел,
Кеудемді дауылдарға кере бердім.
Шырыным таусылғанша аянбаймын,
Бақшаға келіп қонса көбелегім.
Іргеден сайтан кіріп кетпесін деп,
Басына қамшымды ілдім керегенің.





Пікір жазу