11.09.2022
107
Екпініме естілер елеңдесін
Өмірімнен түңілген шақтарымда,
Сырласқым кеп тұрады ақтарыла.
Арманым бар болғанмен дәрменім жоқ,
Телміріп көп қараймын аспаныма.
Өкінемін қанаттың жоқтығына,
Кеудемнен өшіре алмай отты мына.
Көңілім көкті айланып келгенімен,
Шаттанар шамам қайда шаттығыма.
Келтірмес кейде қырсық сақтануға,
Тау құлап түскендей-ақ қас қағымда.
Бөгелген тұншығып иірімім,
Буырқанып тасый алмай жатқанымда.
Ағытып жіберсеңші ақылыңмен,
Сырымды сенен қашан жасырып ем.
Екпініме естілер елеңдесін,
Шабытым шарықтасын тасуымен.