11.09.2022
  97


Автор: Науат Шантубайқызы

Сөнбес алау

(Мұқағали Мақатаевтің 80 жылдығына)
Лапылдап жүрегінде сөнбес алау,
Күнде мың құны терең ой кешеді-ау.
Жазылған жігі жібек шіркін жыры,
Жұп- жұмыр жүректерді тербетеді-ау.
Тереңге тартқан иірім нүктесіндей,
Тұлпар боп шапса тұяқ түк кетімей.
Поэзия тұлғасын тік тұрғызған,
Ғұмырлы жырларынан құт кетірмей.
Кезіккен жай ағынға бой ұрмаған,
Қыран ең тоятына тойынбаған.
Шабытқа шалма салып шаршамаған,
Алға өзі жетелеген арынды арман.
Қасиет бар қатулы қабағында,
Шам жанып тұрады қос жанарында.


Өлеңмен өрнек басып кеткен ақын,
Өмірдің өткен әр бір парағына.
Қолыма алсам Мұқаңның жинақтарын,
Ойымды шашыраған жинақтаймын.
Жарыққа алып шығып жадыраймын,
Ғұмырымның құпия құндақтарын.
Қиядан да қисынсыз сүрінбеймін,
Жүрсем де кісенделіп күлімдеймін.
Түнімнен де жол табам, түңілмеймін,
Тоқсан ауыз сөзімді түйіндеймін.
Құн беріп уақыттың қымбатына,
Әр күнімнен әдемі жыр іздеймін.





Пікір жазу