11.09.2022
  87


Автор: Науат Шантубайқызы

Қалай басам аяқты?

Қалай бассам аяқты дұрыс болар деуменен,
Есіріктер елеуреп итереді кеудеден.
Оңашада ой түсті мына менің басыма,
Аумайды ғой атаннан артылған тең деген.
Менің бала шағымда, әлі ұмыт болмады,
Көшетінбіз тау жаққа көрші-қолаң ойдағы.


Жігіттерге жұмыскер аталарым сол кезде:
«Тура артыңдар теңдерді орта жолда аумайды»—
Деп қолдарын сілтеп ап, сипайтұғын сақалын,
Айтылатын ақылмен, емес еді қатал үн.
Қара қылды қақ жарған өтті-ау талай даналар,
Әлі бүгін құлақта жаңғырады аталы үн.
Әркім өзі тай-тулағын «тұлпар бол» деп баптайды,
Кісі иті алар балақтан, өз итің өзіңді қаппайды.
Жар астында жапалақ бірер шыбын ұстаса,
Он сегіз мың әлемге өзін-өзі мақтайды.
Он сегіз мың әлемге өзін-өзі мақтайды,
Жер бетін қараңғылық жаппаса,
алтын күн де батпайды.
Айланбаса жер шары ағарып таң атпайды.
Даналықты би айтқан ердің ері сақтайды.





Пікір жазу