11.09.2022
  118


Автор: Науат Шантубайқызы

Мың ұрпақтың біреуі есіне алар

Берекемді без бүйректер қашырды ма,
Білдірмей тоғымды да, ашымдыды да.
Көлбей кеп қонып едім көк жайлауға,
Көліксіз ойға қарай тасындым ба?
Болсашы ең болмаса бала күнім,
Жабырқап, жалғызсырап алағыздым.
Жұртын іздеп тентіреп кетсем бе еді-ау,
Киелі Домалақтай анамыздың.
Бір кезде сол анамыз ойда қалған,
Сонда да елдің қамын ойлаған жан.
Сары далаға қараған сүйінумен,
Қасырет жүрегінде қайнамаған.
Сол қасиет санама қонса келіп,
Арқа етім азбас еді арша болып.
Өтер ме ем дүниеге дүбір салмай,
Жатар ма ем топырағым торқа болып.
Тұңғиық ойларменен толғатам ба,
Өзімді қорлықтардан қорғасам ба?
Мың ұрпақтың біреуі есіне алар,
Сол анамдай әулие болмасам да.





Пікір жазу