11.09.2022
  153


Автор: Гүлден Мүлікқызы

Кездер-ай

Сыр шертісіп ақтарыла,
Шалқыған шақта мына.
Айлы түн арай қосқан,
Ұласып ақ таңыма.
Қауышып нұрлы өмірмен,
Кездер-ай бірге жүрген.
Айналдым жаным қалқа,
Жымыйып күлгеніңнен.
Жететін алып ұшып,
Махаббат балын ішіп.
Екен ғой бір ғанибет,
Жүргенің сағынысып.
Жан едің дара туған,
Пәктіктен жаратылған.
Жолдаған ақ сәлемім,
Ұшқан құс қанатынан.





Пікір жазу