11.09.2022
  114


Автор: Алмагүл Жұмажанқызы

Мінсіз әлем болған емес қашанда

Жылауға да, болар еркін күлуге,
Неге мұқтаж тірлік түмен білімге.
Мінсіз әлем болған емес қашанда,
Нағыз өнер мінсіз өмір сүруде.
Әр күніңде сұраулы сәт сынағы,
Ақыл-зерде қиянаттан қырағы.
Ұясына күн ұялып батқанмен,
Таңда тағы тап-тазадай шығады.
Көмескі сыр кібіртіктер көңілде,
Күдік құрсау күлгірсиді сенімге.


Мінсіз әлем болған емес қашанда,
Мінсіздігің – ақ өліммен өлуде.
Қынжылмағын хикіметті тіршілік,
Күмілжіме күрескенде күрсініп.
Екі өмірдің кереметін силайды,
Пәктікке һәм ізгілікке құлшылық.





Пікір жазу