11.09.2022
  93


Автор: Алмагүл Жұмажанқызы

Денесі құрлық, басы шың

Жасаған ем тірлігіме бір кесім,
Қымтап жауып қиялымның іргесін.
Бақыттымын күпіршілік адыра,
Өйткені сен бекіміммен біргесің.
Ғұмыр талай тарпаң мінез байқатқан,
Аһылатқан, үһілеткен, шаршатқан.
Жер шарымен бірге барады домалап,
Арман ғарыш адастырмас аңсатқан.
Арман солай аспан кеткен аралап,
Қарсы алады күнмен күлген бар алап.
Тұрағыма биіктен көз саламын,
Сағынатын жүректерді саралап.
Содан...содан сені таптым,бақытым,
Тоса....тоса толтырдым да уақытын.
Жаны жарқын жадырасын жан біткен,
Асау өзен арнасында тасысын.
Мен іздеген ұлы арман –
Денесі құрлық, басы шың.





Пікір жазу