11.09.2022
315
Жерге түс
Көз алдымнан кетпей қойды елесің,
Көл айдыны тербетеді кемесін.
Көк келбеті керім көрік көрсетті,
Жұлдыздармен орап алып денесін.
Тамылжыған таңда арайлы жел ессе,
Миығымда сенің демің емес пе.
Мөлдір бұлақ таңдайымды жібітсе,
Шөл қандырар назды үнмен сен есте.
У-шуынан мезі болып жол сұрап,
Шаң тозаңы тоздырса да қолқаны ап.
Аспан асты, жердің үсті сен барсың,
Көңіл күймен күмбірлейді шар тарап.
Налымаймын сағыныштан сарғайсам,
Ән әуенмен оятады торғай таң.
Жасырғанмен саған айтар жан сырды,
Жыр жүрегім күллі әлемге айғай сал.
Аспанды қой,
Жерге түс деп,
Айға айтам.