11.09.2022
  244


Автор: Алмагүл Жұмажанқызы

Екі жол тұр алдымда

Жаңбырлы күні танысып,
Жаңбырлы күні айырылдық.
Тек куәші бәріне,
Еңірейді тарғыл бұлт.
Жылағам жоқ...
Жылауды ойлағам да жоқ мүлде.
Тамшылаған аспан ғана,
Қатігезсің деп тұрды.
Жаңбыр енді қарға айналды,
Пейілімнен қатулы,
Жаңбырға да...
Қарға да...
Төсеп тұрмын басымды,
Өзегімді өртеген,
Сағыныштай сар шемен.
Таразылап талғаймын,
Үйреншікті әдетке...
Айналғандай ертеден.
Жалғыз өзім екеу боп,
Бірі қатты бекіді,
Тағы біреуі елжіредім,
Сәл кеңшілік өтініп.
Не ойладым?
Екіленді...


Мейірлене қалдым ба?
Ақ қар қайта айналды,
Жас тамшысы жаңбырға.
Көрінбейді көз ұшынан,
Көкжиектің сұлбасы.
Өзің таңда дегендей-ақ,
Екі жол тұр алдымда.





Пікір жазу