11.09.2022
  202


Автор: Алмагүл Жұмажанқызы

Сағынғанды сен де бір сарылта біл

Не болды,
Білмей тұрмын елегізем,
Түк таппай тұнжыраудың дерегінен.
Бірдеме білдіре ме келешектен,
Аларынан, яки, берерінен.
Әйтеу...әйтеу асыққан арман сезім,
Сенеді бір көрерін сені өмірден.
Не болды,
Сыймай барам теріме мен,
Салмағым да ересен жеңілдеген.
Сайтан ба,
Періште ме,
Желіктірген...
Алып ұшып барады желік бірдем.
Самал да салтанатты сезіледі,
Мойынымнан кеудеме еніп кірген.
Не деген бақытты еді...бақытты еді...
Иегімнен рұқсатсыз келіп сүйген.
Бәсіре дәмете ме асау жүрек,
Жаудырап жұлдыз жанған тамұқ түннен.
Қайтесің ...
Сабаңа түс сабыр, сабыр...
Клеткалар күресі абыр-сабыр.
Сағынғанды өзің де сағынта біл,
Құдырет қой құныңды төмендетпе,
Тақатыңды тарылтпас табылса жыр.


Хикіметті құрайтын қырағылық,
Мүмкін жылап жырларсың бір ағылып.
Сағынғанды сен де бір сабылта біл,
Сан құшақта сандалған барымта жүр.
Дегендейін төзіммен түнеремін,
Көктеммен көк көрпесін қымтап алған,
Өктем ем –
Иемденген тауым тарғыл...





Пікір жазу