11.09.2022
  83


Автор: Нұршаш Тоқтарқанқызы

Тауларды көрсем

Тауларды көрсем талғамды қарттар елестер,
Бүгілген жайлы тізесі бейне белестер.
Өйткені, бабам тың ойлар салып ортаға,
Далада байтақ құратын еді кеңестер.
Ортаға салар ой кесімі және жарлығы,
Далада байтақ табатын бітім барлығы.


Сол үшін болар бүгінде таулық қанында,
Сенімнің нағыз сақталған мәрт нарлығы.
Ақ шыты анау басына тартқан ақ қарлар,
Күпілі құшақ қорымды мына қапталдар.
Сынтасы өшпес тарихын жазып қалдырған,
Кешегі күннен бүгінге жеткен ақпарлар.
Мекендеп алған қойнына аң, құс тұрақты,
Ерке өскен сетер немере ұл, қыз сияқты.
Сергек те сезгір келеді барлық жандысы,
Ұшпада тұрып көретін алыс қыратты.
Ертеде ерте заманнан қалған таңба бар,
Тастарға зер сап зерттермен қауым таңданар.
Көздесең досым тірліктің сырын ұғуды,
Қатпарлы, қаптал қарайған анау тауға бар.
Табиғи мінез танытқан солай әр талы,
Тауларға менде басылмас ынтық бар тағы.
Тауларды көрсем талғамды қарттар елестеп,
Арқама молдап үміттің жүгін артады.





Пікір жазу