11.09.2022
102
Болмашыға бұртиып бұлданамын...
Болмашыға бұртиып бұлданамын,
Еркелігім жасап бір жылдам адым.
Өкпелі боп ендім де жанарыңа,
Жылы күліп көзіңнен сырғанадым.
Қылығындай болды-ау деп тым баланың,
Қабағыңды бағып бір ұрланамын.
Елжірескен көңілмен бұл өмірдің
Жеңе білсек болғаны шырғалаңын.