11.09.2022
  105


Автор: Сағыныш Намазшамова

Басқаша айтам әнді мен...

Басқаша айтам әнді мен,
Басқа сенің әңгімең.
Арамызда біздердің,
Сан шақырым бар білем.
Мен басқаша жырлаймын,
Басқа сенің бір қайғың.
Ойлаппын ба туар деп,
Маңызы жоқ мұндай күн.
Не айтасың, не айтамын?
Сыбырлашы, сайтаным.
Тілсіз қалған жандайын,
Үнсіз үйге қайтамын.





Пікір жазу