11.09.2022
122
Көңіліңе мұң сыйласам, кеш, жаным....
Көңіліңе мұң сыйласам, кеш, жаным,
Елгезек үн естіртеді ескі әнін.
Болымсыздан жасай берме босқа мұң,
Бәлкім мұным аңсауға аңсау қосқаным.
Қамықпашы қабағыңа қайғы алып,
Сен мұңайсаң Күн күлмейді, Ай ғаріп.
Қапелімде жат елінде адасып,
Қайта оралған құс шығармын айналып.