11.09.2022
  113


Автор: Сағыныш Намазшамова

Шымшық-жаным қалай тұрсын шыр етпей...

Шымшық-жаным қалай тұрсын шыр етпей,
Көз талдырдым кеткеніңе күн өтпей.
Сен жайлы ойдан мендік жүрек-жалауым,
Тыншымайды жел үрлеген жібектей.
Жерден іздеп жүргенімде жоғымды,
Қыз-дәуреннің қоңырауы соғылды.
Пенде екенмін, кенде екенмін сабырға,
Кетсем бе екен бір-ақ сілтеп қолымды.





Пікір жазу