11.09.2022
112
КҮНШІЛДІКТЕН ЖЕРІДІМ
Ыржаң-ыржаң күлкі көп,
Күңкіл-күңкіл сөз бе екен?
Жанға азық жоқ бір тілек,
Жастық қалай тозды екен?
Сасық кеуде күпініп,
Көкке көзін сүзеді.
Жылдары оның жұтылып,
Ай қарасын үзеді.
«Сұлулыққа» құштар боп,
Сыланады керемет.
Аласада ұшқан боп,
Жер бауырлар, не керек?!
Тауды күндеп етегі,
Сылп еткізді ерінен.
Жә, жетеді, жетеді!
Күншілдіктен жерідім.