11.09.2022
  137


Автор: Сағыныш Намазшамова

Ауасына ауылдың шөлдегенім...

Ауасына ауылдың шөлдегенім,
Не қимасым қалып ед елде менің.
Осы маңда табаным жерге тиіп,
Жылы ұяға жөнелткен жеңгелерім.
Бәрі осында - бақытты бала ғұмыр,
Ойын қуып, сауықты салады бір.
Өрнектеген өрісін өрген түлік,
Еңбекпенен жасаған дала дүбір.
Туған жерім тербеткен, сайын далам,
Сарқылмайтын сыйың бар дайындаған.
Бозбалаға бейкүнә болмысыммен,
Байқатпаған сырымды Ай ұрлаған.
Осында алғаш ана деп, әке дедім,
Төл аймақ, түлегіңді мәпеледің.
Өзек етіп өзіңнен алғанымды,
Өлең етіп өзіңе әкелемін.





Пікір жазу