meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  11.09.2022
  138


Автор: Сағыныш Намазшамова

Қос жыр-жүрек Қайырбек пен Күләштай...

Қос жыр-жүрек Қайырбек пен Күләштай,
Ғашық шумақ қанат қақса құлаштай
Деген арман сен кездесіп мерт болды,
Келем бірақ әлі күнге сыр ашпай.
«Өкілі емес өлең деген ендіктің»,-
Деп өкіндім тар сезіліп кеңдік тым.
Параққа емес, жанарыңа жазатын
Нағыз ақын екеніңді енді ұқтым





Пікір жазу