11.09.2022
  121


Автор: Сағыныш Намазшамова

БІР КҮНІМ

Күңкіл сөзді жүргем жоқ па күнде естіп,
Іздегенім – дала - сана – үндестік.
Қуанамын жүректегі жырды естіп,
Өмір – мектеп қойғандайын бір бестік.
Тағдырымнан алғым келмей екілік,
Өнерімді жани түсем бекініп.
Дарындардан қарын басым болған шақ
Бір күнімнің жабам бетін өкініп.
Болғанымен әр күнімнің жобасы,
Өз дегенін істеп уақыт додасы.
Еш белгі жоқ, қирап жатыр артымда
Жылап өлген күндерімнің моласы.





Пікір жазу