11.09.2022
  78


Автор: Сағыныш Намазшамова

Анау қырда сап түзеген молалар...

Анау қырда сап түзеген молалар,
Кеткен жанның мекені емес оралар.
Әкем, ағам, ерім кетті сол жаққа,
Қайтып келмес қарағанмен жол жаққа.
Бізбен бірге бет сипайды батар күн,
Сөйлейді әжем зиратына атамның:
«Келемін, - деп – шал-ау сенің қасыңа».
Екі әлемнің арасы тым қашық, ә?
Кейде маған көрінгенмен жақын-ақ,
Бөліп жатыр ұлан-ғайыр атырап.
Тірілердің жасқа толар етегі,
Өйткені әлі мұнда орын жетеді.
Молалар ғой мәңгіліктің мекені.





Пікір жазу