11.09.2022
  148


Автор: Сағыныш Намазшамова

Алла құлы...

Алла құлы,
Пайғамбардың үмбеті –
Пенделердің шексіз болсын құрметі.
Дүниені үйлесіммен жаратқан,
Ай мен Күннің Жерге қарап тұр беті.
Рас, қашанғы қайратты боп тұрмақ қол,
Сәждеге мың басын иеген - сымбатты ол.
Құран оқып,
табынғанмен Тәңірге,
Тек әзірге жайнамазым – жыр дәптер.
Адам бүгін орныққан соң Жерге бек,
Биіктерге талпынады өрмелеп.
Ол да, сен де, мен де кетіп барамыз,
Бір аялы алақанда дөңгелеп.





Пікір жазу