11.09.2022
  106


Автор: Сағыныш Намазшамова

ЕКІ ДҮНИЕ ЖАННАТЫНДА ӨЛЕҢ БАР

Менің ғұмыр дерегімде өлең бар.
Туған Ақсу өзенімде өлең бар.
Өмірімнің өзегінде өлең бар,
Дүниенің кезегінде өлең бар.
Арман ару, гүл-бұрымда өлең бар,
Шашбаулардың сыңғырында өлең бар.
Мейірі мол Күн нұрында өлең бар,
Тұманданған түнгі мұңда өлең бар.
Көктем-көңіл шуақтарда өлең бар,
Қол бұлғаған қыраттарда өлең бар,
Мұнарланған жырақтарда өлең бар,
Жауабы жоқ сұрақтарда өлең бар.
Сәбилердің жөргегінде өлең бар,
Баба тілдің өрнегінде өлең бар.
Атар таңның көрмегінде өлең бар,
Татар дәмнің кермегінде өлең бар.
Ғашықтардың тағатында өлең бар,
Сағыныштың қанатында өлең бар.
Жүрек емі санатында өлең бар,
Екі дүние жаннатында өлең бар.





Пікір жазу