11.09.2022
111
ТҮЛКІБҰЛАҢ ТІРЛІКТЕ
Айналасы жүрсе дейді тек елеп,
Өзге жанның әсте жылдам жетегі.
Көлеңкеде көзден таса көбелек,
Күн көрінсе көлбең-көлбең етеді.
Тас лақтырар таса жақтан тұныққа,
Шырын барда шырылдайды – «жанашыр».
Абайсызда құлап кетсең құдыққа,
Ақ жүрегі аяқ-асты қара сұр.
Өмір – біздер қатар мінген бір кеме,
Өре биік болса деп ем, өріс кең.
Ібілістің іні барда іргеде,
Көңіліме орнығады періштем.
Табиғатпен бір соқса да тамырым,
Жануардан айырмамыз тым айқын.
Арыстандай жүрек бергін, Тәңірім,
Түлкібұлаң тірлігіңе шыдайтын.